Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
«Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» АҚ (ЭҚРҚО) осы көздерді пайдаланудың өсуімен энергияны өндіруді басқару мен бөлуге байланысты жаңа сын-қатерлер туындайтынын және оларға жауап беру қажет екенін атап өтіп, энергия үнемдеу мен басқаруға қатысты жаңа көзқарастар туралы айтты.
Компания мамандарының пікірінше, бұл жағдайда процестердің ашықтығын, қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін блокчейн-технология энергетикалық жүйелер үшін негізгі құрал бола алады. Дәл осы блокчейн энергетика саласындағы жаңа шешімдер мен инновацияларды жасауға ықпал ете алады, сондай-ақ энергетикалық жүйелердің орнықтылығын арттыра алады.
Бұған дейін Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының өкілдері ЭҚРҚО шақыруымен блокчейн-технологияларды пайдалана отырып, компанияның бизнес-процестерін оңтайландыру перспективаларын зерттеуге арналған семинар өткізді.
ЭҚРҚО қатысуымен өткен семинарда энергетикада блокчейнді қолдану мүмкіндіктері, оның артықшылықтары және басқа салалардағы табысты кейстерді қоса алғанда, бизнес-процестерді оңтайландыруға әлеуетті әсері қаралды.