Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2024 жылғы 29 наурызда АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) цифрлық активтермен биржадан тыс мәмілелер бойынша AFSA басшылығын (AFSA Guidance for Over-the-Counter Transactions with Digital Assets) жариялады.
Осы құжаттың мақсаты цифрлық активтермен биржадан тыс мәмілелерге (ОТС платформалары) қатысты анағұрлым кең түсіндіру болып табылады.
Бұл қызмет түрі цифрлық активтер жөніндегі брокер/дилер лицензиясы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
ОТС платформасының қызметін қандай да бір басқа қызметпен бірге алып жүрген жағдайда, ОТС платформасы үшін қосымша рұқсат талап етілетін болады.
Өз платформалары шеңберінде ОТС платформалары үшін бөлек сегменттер құру ұсынылады.
ОТС қызметін жүзеге асырған кезде міндетті түрде «Best Execution» қағидаты қолданылуға тиіс. Бұл қағидат OTC платформасының Клиенті үшін ең үздік мүмкін болатын нәтижені алу үшін барлық қажетті қадамдарды қабылдау қажеттілігін білдіреді.
Сонымен қатар, құжат ОТС платформаларының цифрлық майнерлермен және цифрлық майнингтік пулдармен өзара іс-қимыл жасауын регламенттейді.
Цифрлық майнерлермен және/немесе цифрлық майнингтік пулдармен мәмілелерді жасаған кезде ОТС платформасы оларды бөлшек сауда клиенттері, кәсіби клиенттер немесе нарықтық контрагенттер ретінде сыныптауға тиіс.
ОТС платформасы тіркеу кезеңінде цифрлық майнерлердің немесе цифрлық майнингтік пулдардың құқықтық мәртебесі мен адал жағдайын растайтын құжаттарды жинауды қамтамасыз етуге және осы құжаттардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бұдан бөлек, ОТС платформасы цифрлық майнерлермен немесе цифрлық майнингтік пулдармен жұмыс істеген кезде әрі жергілікті, әрі шетелдік заңнамалық және нормативтік талаптарды ескере отырып, анықталған тәуекелдерді басқару және азайту жөніндегі шараларды дәйекті түрде қолдануға тиіс.
ҚБТҚ басшысы Дәурен Қарашев АХҚО-да лицензияланған криптовалюталармен жұмыс істеу жөніндегі алаңдарда ОТС сияқты құралдың пайда болуына оң баға берді. Дәл осы құрал цифрлық майнерлермен және цифрлық майнингтік пулдармен өзара іс-қимылда қазақстандық криптоиндустрияның күрт дамуы мен Орталық Азия өңірінде Қазақстанның көшбасшылығын нығайту үшін айқындаушы серпін және фактор болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңға сәйкес Қазақстан аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметтің нәтижесінде алынған цифрлық активтер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін – кемінде елу пайыз мөлшерінде, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде жетпіс бес пайыз мөлшерінде лицензияланған қазақстандық криптобиржалар арқылы міндетті түрде сатылуға тиіс.