• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Қаржымині Цифрлық активтердің құны бойынша қағидаларды бекітті

Жарияланған күні: 09.04.2024

2024 жылғы 29 наурызда ҚР Қаржы министрлігі Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау қағидаларын бекітті.

Цифрлық активтердің құнын айқындау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті CoinMarketCup интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты пайдаланады.

Цифрлық активтердің құны күн сайын CoinMarketCup цифрлық активтер бойынша сауда-саттықты өткізетін жұмыс күні айқындалады.

Жариялануға жататын цифрлық активтердің құны үшін CoinMarketCup-та тәулік қорытындысы бойынша қалыптасқан цифрлық активтердің орташа өлшемді құны алынады.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен, цифрлық майнингтік пул мен цифрлық активтер биржасынан түсетін кірісті айқындау үшін құны цифрлық активтерді алу күніне айқындалады.

«Қолданыстағы құқықтық тетіктер қазақстандық цифрлық майнерлер тапқан әрбір тиыннан бюджетке салықтардың түсімін қамтамасыз етеді. Экономиканың әрбір саласы бірдей мұндай транспаренттілікпен мақтана бермейді», – деп атап өтті Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев.