Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Өткен аптада Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының (ҚБТҚ) өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) басшылығымен және сараптама тобымен Ислам канондары тұрғысынан криптовалюталарды қолдану мен цифрлық майнингке рұқсат беру мәселелерін талқылады.
Қазақстан қоғамы үшін бұл мәселе өте маңызды, себебі елімізде тұратын халықтың 70%-ы Ислам дінін ұстанады.
ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев сарапшылардың жоғары деңгейі мен осындай сұрақтардың ҚМДБ-да жан-жақты зерттеліп, бағаланатыны өзін таңғалдырғанын атап өтті.
Талқылау барысында ҚБТҚ Басшысы ҚМДБ өкілдеріне блокчейннің техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсетіп, Қазақстандағы құқықтық реттеу туралы айтты және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар блокчейн технологиялары мен жасанды интеллект – бұл болашақ екенін және осы технологияларды ең табысты әрі бұрын игерген қоғамның сөзсіз озық болатынын ерекше атап көрсетті.