Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев бизнес-қоғамдастықтың өкілдері Әлімжан Қаракөзовпен, Абзал Қарсақбаевпен және Аманкелді Ақбергенмен кездесті.
Цифрлық активтердің лицензияланбаған жаһандық алаңдарында цифрлық активтер саудасының құқыққа сыйымдылығы мәселелері, қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің шоттарды бұғаттау проблемалары талқыланды, сондай-ақ цифрлық активтерге инвестициялау саласындағы инфосығандар тақырыбы қозғалды.
«Клиенттерге қор нарығына ұқсас валюталық шартты пайдалана отырып, цифрлық активтердің лицензияланбаған жаһандық алаңдарында өз шоттарын толықтыруға мүмкіндік беру» — бұл кездесуге қатысушылар тұжырымдаған ұсыныс.
Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, онда ол лицензияланбаған жаһандық криптобиржалардағы заңды сауданың бірден-бір жолы болады. Біздің ойымызша, бұл нұсқа цифрлық активтердің жаһандық алаңдарын толығымен бұғаттаудан, екінші деңгейдегі банктердегі шоттарды бұғаттаудан, ҚР ҚК 214-бабы шеңберіндегі санкциялар мен басқа да ілеспе проблемалардан гөрі жақсырақ.
Қазіргі уақытта, ҚБТҚ Төрағасы Д. Қарашевтың өтініші бойынша бизнес-қоғамдастық талдау жасап, барлық әлеуетті тәуекелдердің бағасын береді.
Сонымен қатар, бұл ұсынысы бизнес-қоғамдастықтың басқа өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік ведомстволармен талқыланатын болады.