Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығының (ҚБТЖИҚ) басшысы Д. Қарашев Судьялар одағының Төрағасы, Жоғарғы Соттың судьясы, құрметті Сәкен Жүсіпахметұлы Абдолланың қабылдауында болып қайтты.
ҚБТЖИҚ басшысы Судьялар одағының басшылығына инновациялық және Қазақстан мен әлемде қарқынды дамып жатқан блокчейн технологиялары және цифрлық активтер туралы айтып берді. Сұхбатқа Судьялар одағы Орталық Кеңесінің хатшысы, Әскери соттың судьясы Шыңғыс Исаұлы Майшыбаев та қатысты.
Әңгіме барысында елімізде цифрлық активтерді құқықтық реттеу, құқық қолдану проблемалары туралы тақырыптар көтерілді.
Сонымен қатар, Д. Қарашев Қауымдастық пен Блокчейн және жасанды интеллект мектебінің қызметі мен жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берді. Бүгінгі таңда Мектебіміз қазірдің өзінде 2000 қатысушыға оқыту өткізді, олардың арасында құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері бар.
«Біз үшін судьялар мен сот органдары қызметкерлерінің блокчейн технологиясы және цифрлық активтер индустриясы туралы толыққанды хабардар болуы өте маңызды», – деп атап өтті Дәурен Қарашев.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның ортасынан бастап Қауымдастық судьялар және сот органдарының қызметкерлері үшін семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.