Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Бүкіл әлем бойынша технологиялық алыптар желі қатысушыларының арасындағы сенім мен айқындылықты арттыру үшін блокчейн ендіруді ұсынады. Бүгін біз «көгілдір алып» – IBM америкалық компаниясының бір кейсін қарастырамыз.
Гондурас елінде IBM HeiferInternational компаниясымен біріге отырып, IBM FoodTrust және IBM WatsonDecisionPlatformforAgriculture арқылы жаңа экожүйені құрастыруда.
IBM FoodTrust — бұл тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірінші блокчейн-шешім, ол транзакциялар бойынша әріптестерге тағам өнімдері туралы ақпаратпен сенімді әрі қауіпсіз алмасуға мүмкіндік береді және тағам өнімдерін жеткізудің айқын әрі сенімді ғаламдық торабын құруға мүмкіндік береді.
Блокчейн фермерлерге және сатып алушыларға кофе мен какао бұршақтарын фермадан бастап сату орнына дейін жеткізуді қадағалауға мүмкіндік береді, сол арқылы бүкіл жеткізу желісінің айқындылығы жоғарылап, нарыққа қолжетімділік артады. Қазіргі уақытта FoodTrust технологиясын COPRANIL кооперативінде кофе өсіретін фермерлер мен какао өсіріп, Chocolate4All жобасының бір бөлігі болып табылатын фермерлер пайдаланады.
Былтыр COPRANIL кооперативі 1,6 миллион фунт дәнді кофе өндірген. Сапаның арттырылуы және қадағалаушылықтың болуы фермерлерге өздерінің жоғары сапалы кофе өнімдері үшін әділ баға алуға және кофе өсіруші қауымдастықтардың экономикалық тұрақтылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Үдерістің басында HeiferInternational-та фермерлер жіберген көшеттер туралы ақпарат жүктеледі. Өнім жиналған соң фермерлер өздерінің дақылдарын маркалап, COPRANIL қайта өңдеушілеріне жібереді. COPRANIL-да блокчейнге бұршақтар туралы қосымша деректер, оның ішінде тазартылатындығы, кептірілетіндігі, қуырылатындығы және әділ сауда үшін шекті мәндері, органикалық және басқа да белгілеулері сәйкес келетіндігі жүктеледі. Сосын осы барлық ақпарат корпоративті сатып алушыларға беріледі, олар да бұршақтардың бағасын түсіну үшін қолжетімділікке ие болады.
Сондай-ақ, FoodTrust какао-бұршақтарды қадағалап, ChocolateHalba компаниясының үлкен көлемдегі кептірілген бұршақтарын сату бойынша бақылай алады. FoodTrust қадағалау файлдарын ауыстырады, олар қазір Excel электрондық кестелерінде сақталады. FoodTrust көмегімен фермерлер какао өндірісін қадағалап, нарықтағы барлық өндірушілердің біріктірілуін қамтамасыз етеді.