• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Қазақстан әлемдік биткоин майнингінде үшінші орынға шықты

Жарияланған күні: 16.07.2021

Кембридж университеті жариялаған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан әлемдік рейтингте үшінші орынға жайғасты.

Әлемдік биткоин өндірісінде Қазақстанның үлесі 6 есе артқан – ағымдық жылдағы сәуірде 1,4%-дан 8,2%-ға дейін өсті. Аталмыш жайтты Қытай Халық Республикасының өз елінде криптоиндустрияға қатысты қысым көрсетумен байланыстырады. Сонымен, Қытайдың үлесі 2019 жылдың қыркүйегінде 75,5%-дан 2021 жылдың сәуірінде 46%-ға дейін төмендеген.

Сондай-ақ, АҚШ үлесінің өсуі атап өтілді, 4 есе артқан - 4,1%-дан 16,8%-ға дейін артқан. Сәйкесінше, екінші орынды Америка Құрама Штаттары иеленді. Төртінші және бесінші орында Ресей және Иран орналасқан.

Сычуань провинциясында, кейіннен бүкіл Қытай бойынша майнерлердің қызметі тоқтатылуға байланысты Қазақстан 2021 жылдың маусым-шілде айларында екінші орынға ауысатындығын болжауға болады.