Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Блокчейнді күнделікті өмірде қолдану туралы әңгіме жалғастырайық. Бұл жолы TrustAssure CLX Health платформасымен IBM DigitalHealthPass компаниясының жобасын қарастырамыз.
IBM DigitalHealthPass – пандемияны ескере отырып, қоғамды әдеттегі өмір салтына қайтаруға бағытталған, блокчейн негізіндегі IBM жобасы. Цифрлық денсаулық төлқұжаты ұйымдарға қызметкерлерінің, клиенттердің, жанкүйерлердің немесе саяхатшылардың денсаулығы туралы деректерді ғимаратқа кіру кезінде өзіндік сыншарттар негізінде тексеруге мүмкіндік береді. Негізгі шарты құпиялылық сақталады.
CLX Health – COVID-19 тестілеудің экожүйесін басқару жөніндегі жинақты шешімдерді ұсынатын жеке компания. CLX HealthTrustAssureGlobal ғаламдық желісі АҚШ-та COVID-19 тестілеу бойынша 5 000-нан аса және бүкіл әлем бойынша 82 елде 15 000-нан аса орындарды қамтиды.
Шифрлеу, QR-код және блокчейн технологиясының үйлесіміне негізделген IBM DigitalHealthPass қағаз жүзіндегі талдама нәтижелерінің немесе вакцинациялау карталарының орнына ерікті цифрлық балама болып табылады, сондай-ақ нәтижелер туралы деректерді немесе вакцинациялау статусын бөлісуге мүмкіндік береді.
CLX Health базасындағы TrustAssureProvider зертханалар порталы адамдарға өзінің зертханалық және диагностикалық деректеріне кез келген уақытта және кез келген жерде қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. IBM DigitalHealthPass-мен бірігу COVID-19 тесті аяқталған соң клиент өзінің нәтижелерін алатындығын білдіретін болады, сосын өзінің смартфонында цифрлық әмиян үшін тексерілетін есептік деректерді құра алатын болады.
Сонымен қатар, платформа қағаздан сканерлеп, вакцинациялау статусын тексеруге, адамдардың есептік деректерін өз әмияндарына жүктей алуға және қажет жағдайда белгілі бір QR-код арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.