Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Google-дің іздеу қызметін қолданып, қай облыстың тұрғындары криптовалюталармен қызығып жүргенін анықтауды шештік.
Кішігірім түсініктеме енгізейік. 100 деген көрсеткіш максималды қызығушылықты анықтаса, 0 деген көрсеткіш іздеу сауалдарының болмағанын көрсетеді.
Ақпараттарды талдау осы жылғы сауалдар бойынша жүргізілді.
Сонымен, "криптовалюта" деген сөзді келесі облыстардың тұрғындары жиірек енгізді:
1. Маңғыстау облысы - 100
2. Алматы облысы - 63
3. Атырау облысы - 61
Төмен қызығушылық келесі облыстарда анықталды:
1. Ақмола облысы - 22
2. Шығыс Қазақстан облысы - 26
3. Қызылорда облысы - 32
Криптовалюталардан басқа, Казнет қолданушылары бірінші криптовалютаға ден қойды. "Биткоин" деген сауал келесі облыстарда жиі болды:
1. Маңғыстау облысы - 100
2. Солтүстік Қазақстан облысы - 41
3. Ақтөбе облысы - 36
Сауалдардың ең аз көлемі келесі облыстарда тіркелді:
1. Қызылорда облысы - 11
2. Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары - 21
3. Шығыс Қазақстан облысы - 22
Google Trends қызметінің графиктеріне қарасақ, Қазақстан қолданушылары биткоинға орасан зор қызығушылықты мамыр айында, оның бағасының төмендеуі және БАҚ-та кең жарияланған кезінде танытты. Бұл мезгілде Қытай қаржы институттарына және компанияарға криптовалюталарды айырбастаумен байланысты қызметтерді жүргізуге тыйым салған еді. Tesla компаниясының басшысы Илон Масктың мәлімдемесі де жарияланған.
Қысқа талдаудың қорытындысына келетін болсақ, криптовалюталарға деген қызығушылық еліміздің батыс аймақтарында көбірек екені байқалады. Ақмола және астанамызда қызығушылық төмен екені саясатқа арттығырақ көңіл бөлінетіне байланысты.