Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстан биткоин майнингі бойынша екінші орынға шықты
2021 жылдың тамызындағы әлемдік хешрейт бойынша Кембридж баламалы қаржы орталығының жаңа деректері шықты (https://www.cnbc.com/2021/10/13/us-beats-china-as-the-number-one-destination-for-bitcoin-miners.html). Бұл деректерге сенетін болсақ, Қазақстан майнинг көлемі бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.
Естеріңізге сала кетсек, әлемдік хешрейттегі елеулі өзгерістер Қытайдағы криптовалюта майнингі мен айналымына тыйым салынғаннан кейін орын алды.
Әлемдік хешрейттегі үлесі бойынша елдер тізімі:
1. АҚШ - 35.4%
2. Қазақстан - 18.1%
3. Ресей - 11.2%
4. Канада - 9.6%
5. Ирландия - 4.7%
6. Малайзия - 4.6%
7. Германия - 4.5%
8. Иран - 3.1%
9. Басқа елдер - 8.8%
Өткен мерзіммен салыстырғанда, Қазақстандағы есептеуіш қуаттардың өсуі 8% құрады.