Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Бүгін Қазақстан блокчейн технологиялары қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов Paxaro Labs компаниясының негізін қалаушы Азат Бекмағамбетовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар елдегі криптоиндустрияны одан әрі дамытуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, халықтың криптоиндустриядағы сауаттылығын арттыру және сала үшін кадрлар даярлау мәселелері көтерілді.
Басқарма төрағасы білім беру жобаларындағы ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті.
«Paxaro Labs блокчейн және криптовалюта саласындағы жетекші білім беру бағдарламаларының біріне ие. Оны оқу орындарына біріктіру мүмкіндігі елдегі криптоиндустрияны жаппай енгізу жолындағы елеулі қадам болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл осы бағыттағы мамандарды даярлауға серпін береді», - деді Сапар Ахметов.
Азат Бекмағамбетов Paxaro Labs экожүйесінің құрамындағы талдау және медиа орталықтарды, сондай-ақ Paxaro Education and Venture building studio-мен таныстырды. Сонымен қатар Paxaro басшысы кәсіпорындарды токенизациялау саласындағы соңғы әзірленімдерге тоқталды.
Тараптар келіссөздер әріптестікті нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін анықтауға көмектесетініне сенім білдірді.