Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Өткен апта криптовалюта нарығы үшін оң болды, өйткені биткоин өсімін жалғастырып, 24 000 доллардан жоғары шоғырланды, ал апта сайынғы уақыт аралығында MA200 (жылжымалы орташа) өзін қолдау деңгейі ретінде растады. S&P 500 (SPX) және NASDAQ-100 (NDX) қор индекстері өсу үрдісін жалғастырды.
2000 доллар шамасында сатылатын Ethereum де өсімді көрсетуді жалғастыруда. Proof-of-Stake (PoS) консенсус алгоритміне көшу және ETH PoW форкына қызығушылықтың артуы одан әрі оң әсер етуде. Goerli тест желісінің PoS жүйесіне сәтті көшуі негізгі желіні біріктіруді 15-16 қыркүйекте қайта жоспарлауға мүмкіндік берді. Ethereum-нен кейін экожүйелік жобалар да өсімді байқатты: LINK, UNI, сондай-ақ Layer-2 шешімдері: MATIC, OP және т.б. Басқа Layer-1 блокчейндерінің де бағасы артты: AVAX, NEAR, SOL, FTM.
Аптаның маңызды оқиғасы АҚШ Қазынашылық департаментінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) Tornado Cash араластырғышына және онымен әрекеттесетін әмияндарға қатысты қабылдаған шаралары болды. Миксерді жасаушылар 7 миллиард доллардан астам ақшаны жылыстады деген күдікке ілінді.Бірқатар ақпарат құралдарының хабарлауынша, сервисті әзірлеуші Алексей Перцев Амстердамда қамауға алынған.
FTX биржасының басшысы Сэм-Банкман-Фрид бұрын хабарлағандай, Huobi криптобиржалар арасындағы әлсіздігін көрсетті. Компанияның құрылтайшысы Леон Ли өзінің акцияларының 58 пайызын сату туралы келіссөздер жүргізілетінін хабарлады. Мүдделі тараптарға Сэм Банкмен-Фрид пен Tron бас директоры Джастин Сан кіреді.
Әлемдегі ең ірі активтер менеджері BlackRock институционалдық инвесторларға бағытталған биткоин трастын іске қосты.
Өзбекстан елдегі қызмет көрсетуші лицензиясының жоқтығына байланысты елдегі ең ірі криптобиржаларды бұғаттады.