Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Семинарда блокчейн тақырыбына қатысты келесі сұрақтар қойылды:
- технология жұмысының негізгі принциптері,
- блокчейн қолданылатын экономика салалары,
- ҚР-да бар құқықтық реттеу,
- заңсыз қызмет түрлерін анықтау және жолын кесу жөніндегі алдын алу шаралары (сұр майнинг, криптовалюталармен айырбастау мен сауданың заңсыз тәсілдері)
Тренингтің негізгі бөлігін Қауымдастық басқармасының төрағасы Дәурен Қарашев жүргізіп, еліміздегі және әлемдегі саланың қазіргі құқықтық ахуалына тоқталды.
Қауымдастықтың Консультативтік кеңесінің мүшесі Елнур Шильдибеков Қазақстанның цифрлы майнинг саласындағы болашағы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Цифрлы майнинг саласының сарапшысы Әділбек Шұңғұлов, «сұр» және «ақ» майнерлердің айырмашылығын, майнингтік фермалардың құрылымын және олардың Қазақстандағы ерекшеліктерін түсіндіре отырып, мәселенің техникалық жағына тоқталды.
Журналистер қауымы семинар барысында көтерілген тақырыптарға ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Жиналғандарға сертификаттар табыс етілсе, ерекше көзге түскендерге блокчейн технологиясы бойынша кітаптар да табыс етілді.
Тренингке қатысушылар мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді ұйғарып, салаға қызығушылық танытушыларды көбірек тартуға шешім қабылдады.