Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қауымдастықтің басты міндеттерінің бірі – еліміздің қаржылық қызмет көрсету саласындағы заңнамалық актілерінің цифрлық дәуір талаптарына сай болуын қамтамасыз ету. Бұл арқылы, қазақстандықтардың игілігіне жұмыс істейтін болашақ экономиканы қалыптастыруға үлес қосу, соның ішінде инновациялық технологияларды жаппай пайдалануға жағдай жасау.
Қауымдастық қаржы секторында трансформациялық технологияларды, соның ішінде бөлінген тізілімдер технологиясын (DLT) дамытуға және енгізуді ынталандыруға мүдделі.
Бөлінген тізілімдер технологиясы, соның ішінде блокчейн технологиясының әлі зерттелмеген көптеген қосымшалары, криптоактив саласынан келіп түсетін пайданы ескермегеннің өзінде, экономикамыздың өркендеуіне және Қазақстан азаматтары үшін қосымша жұмыс мүмкіндіктерін ашуға негіз болатыны, жаңа кәсіпкерлік қызмет пен бизнес үлгілерінің ашылуына себеп болатыны күмәнсіз.
Бұл ретте, заңнамалық реттеу мәселелерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Жаңа технологиялардың жоғары тәуекелдері мен қаржылық қауіпсіздігі үшін белгілі бір қауіптері бар екенін ескеру міндет. Технология өте жаңа, сондықтан ешбір ел бұл тәуекелдерді басқару әдістерінің тиімділігімен мақтана алмайды.
Бірлесу, зерттеу, тәжірибе алмасу арқылы ғана жаңа технологиялардың кері әсерін азайту және пайдасын арттыру мүмкіндігі өседі.
Біздің Қауымдастық тәуекелдер, орталықтандырылмаған қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу және оларды бақылау тақырыбына арналған екі күндік курс ұйымдастырды.
Спикерлер «UNODC - United Nations Office on Drugs and Crime- ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының» өкілдері Алексей Фещенко мен Виталий Галета болды.
Спикерлер орталықтандырылмаған қаржының артықшылықтары, кемшіліктері, алаяқтық, ақшаны жылыстату, сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ қаржылық қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу әдістері, оның ішінде crystalblockchain бағдарламасын қолдану тәсілдері жөнінде айтып берді.
Бұл шараға, миллиардтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуда тәжірибесі мол Әділдік Жолы ұйымының басшысы Дидар Смагулов пен сарапшысын Ербол Сардарбеков шақырдым. Бұл курс олардың көрсеткіштерін арттыруға әсерін береді деп үміттенемін.
Курс өте мазмұнды, қызықты және пайдалы болды. Спикерлерге ерекше алғысымды білдіремін.