• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Қауымдастықтың басқарма төрағасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі грамотасымен марапатталды

Жарияланған күні: 27.10.2023

Республика күніне орай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусиннің грамотасымен марапатталды


Бұл министрлік цифрлық активтер саласындағы негізгі уәкіллетті реттеуші болып табылады.
Крипто сала үшін қысқа мерзім аясында, министрліктің Цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің басшысы @gizzatbaitursyn Ғиззат Байтұрсыновпен тығыз ынтымақтастықта, біз, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» өте жетілдірілген Заңды әзірлеп шықтық.

Заң, бұл саланың ашықтықтығын жоғарғы деңгейде қамтамасыз етеді, оның әрбір нормасы аса дәлдікпен тексеріліп жасалынған, басқарылуында жеңіл және цифрлық майнинг пен криптовалюта айналымы саласындағы заңсыз әрекеттерге қарсы тұруда өте тиімді. Заң нормалары шамадан тыс ауыртпалық туғызбайды, яғни саланың даму әлеуетін шектемейді.


Бұл Заң елімізде орталықтандырылмаған қаржыны дамытудың берік іргетасы болары сөзсіз.
Заң қазақстандық және шетелдік сарапшылар қауымдастықтары тараптарынан оң бағаларын алып үлгерді.