Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Іс-шара студенттердің Индустрия және оның артындағы технологиялар туралы алғашқы ақпараттарды алу мақсатында өткізілді. Бұл күн де кездейсоқ таңдалмады, өйткені оқиға Қазақстанның ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орайластырылды.
Іс - шараның салтанатты ашылуы MNU провосты – Пен Сергей Геннадьевичтің, Қауымдастықтың басқарма төрағасы - Қарашев Дәурен Дәутұлының, сондай-ақ MNU Басқарма төрағасының орынбасары-Карбозова Айнұр Бағдатқызының құттықтау сөзінен басталды.
Ашылу салтанатынан кейін университет пен қауымдастық басшылығы меморандумға қол қойды, оның мақсаты достық қарым-қатынас орнату, сондай-ақ ҚР-да Web 3.0 және блокчейн индустриясын дамытуға өзара көмек және қолдау болып табылады.
Сонымен қатар, университет кітапханасына қазақ тіліне аударылған блокчейн және криптовалюта технологиясы туралы әлемдік бестселлерлер табысталды. Бұл кітаптарды қазақ тіліне аудару қауымдастық басшылығының бастамасы мен демеушілігінің арқасында жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.