Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
ҚР Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева және ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов құттықтау сөздерінде өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.
Қазақстанның энергетика саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мәселелерді талқылауға бизнес-көшбасшылар, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Олардың сөйлеген сөздері энергетика саласының негізгі аспектілерін қозғады, сондай-ақ олар одан әрі даму үшін сындарлы шешімдерді ұсынды.
ҚБТҚ Төрағасы тарапынан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) мен майнерлердің өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тарапынан ұсынылған бастамалар мен идеялар болашақ талқылаулардың күн тәртібіне енгізілетін болады.
Барлық анықталған проблемалар, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі цифрландырылды. Тиісті құжаттар қажетті шараларды қабылдау және қазақстандық энергетиканың ағымдағы жай-күйін жақсарту үшін жауапты ведомстволарға жіберіледі.