Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазіргі таңда цифрлық активтер нарығына қатысушылар цифрлық активтер саудасы саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігіне және оларды дұрыс түсіндіруге байланысты проблемаларға тап болуда.
Мұның себептерінің бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі актілерінің болмауы.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығына ресми аударма беру туралы өтініштер жиі келіп түседі.
Бұл ретте заң бойынша АХҚО актілерін ресми аудару құқығы тек қана АХҚО-ға бекітіп берілген, оның ресми тілі ағылшын тілі болып табылады.
Сондықтан Қауымдастық АХҚО-ға цифрлық активтер саласын реттейтін АХҚО актілерінің мемлекеттік және орыс тілдеріне ресми аудармасын беру туралы сұрау салу жіберді.
Қауымдастық АХҚО-ға цифрлық активтерді реттейтін актілерді мемлекеттік және орыс тілдеріне аударып, жариялау міндеттемесін бекітуді орынды деп есептейді.