• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

«Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы» жастар бастамасын қолдайды

Жарияланған күні: 21.06.2021

Өткен аптаның соңында астанада Студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар Ұлттық кубогының финалы өтті, сондай-ақ «ENACTUS» халықаралық платформасымен өткізілген, мектеп кәсіпкерлігінің екінші республикалық чемпионаты аяқталды.

«ENACTUS KazakhstanNational EXPO» ұлттық чемпионы атағы үшін 70-тен аса қазақстандық жоғары оқу орындары мен мектептері күреске түсті. «ENACTUS» миссиясы инновацияларды түрлендіре алатын, кез келген қиындықтарда жаңа мүмкіндіктерді көре алатын және бизнес қағидаттарын өмірді жақсарту үшін қолдана алатын, көшбасшы кәсіпкерлердің жаңа буынын даярлап тәрбиелеуді көздейді. Жыл сайын «ENACTUS» ұлттық кубогында жоғары оқу орындарының және мектептердің бизнес-командалары 100-ден астам жоба әзірлейді. Жобалардың әлеуметтік, экологиялық, инновациялық және коммерциялық бағыттары көп.

2021 жылы еліміздің 52 жоғары оқу орны мен 20-дан астам мектептері Студенттік және мектеп кәсіпкерлігінің Ұлттық кубогына қатысу үшін өз өтінімдерін жіберді. Іріктеу қорытындылары бойынша бүкіл Қазақстаннан 30 жоғары оқу орны мен 14 мектеп командалары өтті.

«Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының» атынан қазылар алқасының құрамында басқарма төрағасы Сапар Қайратұлы Ахметов қатысты. Ол бізге жастардың ұмтылыстарын қолдау ауадай қажет екендігін атап өтті. Өйткені цифрландыру дәуірінде әрі IV Өнеркәсіптік революция уақытында жастардың идеялары Қазақстанның дамуына септігін тигізеді.

«Осында мәлімденген жобалардың келешегі қандай болмақ – оны уақыт көрсетеді. Бірақ, егер кәсіпкерліктің даму тарихына қарасақ, әртүрлі индустриялардың даму белестері жастардың ойларынан бастау алған. Виталий Бутеринді мысалға келтірсек, ол 16-17 жасында бүкіл әлемде таралып келе жатқан криптовалютаны әзірлеген, бұл бүгінгі жасампаз жастар прогресті ілгерілететіндігін білдіреді. Біз олардың ойларын, оларды не мазалайтындығын, әріқарай қалай әрекет ететіндігімізді және қандай бағыттарын қолдау керектігін түсінгіміз келеді. Егер мұнда ұсынылған идеялардың ішінен кемінде бір-екеуі озық болса, бұл елімізге пайда әкелері сөзсіз», - деп қорытындылады Сапар Қайратұлы.