• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Президент цифрлық майнингке салық енгізу туралы заңға қол қойды

Жарияланған күні: 24.06.2021

Заң нормасы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін болады.

Салық мөлшерлемесі 1 кВт/сағ тұтынған энергия үшін 1 теңгені құрайтын болады. Салықты есептеу кезеңі ретінде тоқсан белгіленген. Салық кодексінің жаңа редакциясындағы 606-1-бабында айтылғандай: «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірмей уәкілетті органға ақы төлеушілер туралы мәліметтерді тапсырады». 606-2-бабы салықты төлеушілер ретінде цифрлық майнингпен айналысатын тұлғалар аталды.

Бұрын біз Қауымдастығымыздың Төрағасы Ахметов Сапар Қайратұлының сұхбатын жариялағанбыз, онда майнерлерге салық салуға қатысты өз ойын және оның Қазақстандағы криптоиндустрияға тиімділігін айтқан болатын.