• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Blockchain Startups Weekend 3.0

Жарияланған күні: 16.01.2022

2021 жылдың 13 желтоқсанында Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Blockchain Startups Weekend 3.0 форумы өтті.

Форум стартаптар мен инвесторларға арналған платформа Crowdsale Network, C.Invest компаниясы, Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығы және ByBit криптовалюталар биржасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты қалың жұртшылықты блокчейн технологиясының және криптоиндустрияның майнинг, стейкинг, трейдинг, DeFi, GameFi, NFT сияқты негізгі бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ отандық әзірлеушілердің стартап жобаларын таныстыру болды.

Шараға Қазақстандағы мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлық инвесторлар, сарапшылар мен сала жетекшілері жиналды. Олардың қатарында: Crowdsale Network стартаптар мен инвесторларға арналған платформаның негізін қалаушы Ерлан Думанұлы, C.Invest бас директоры Диана Васильева, MOST Ventures басқарушы серіктесі Әлім Хамитов және т.б. Арнайы шақырылған қонақ ретінде Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығы президиумының төрағасы Исламбек Салжанов қатысты.

«Біз инновациялық технологиялар саласындағы жастар кәсіпкерлігін дамытуды жақтаймыз, сондықтан мұндай білім беру форумдарын өткізуге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Әлім Хамитов, MOST Ventures басқарушы серіктесі.

Сонымен қатар, форум барысында криптовалютаға инвестиция салу, мүмкіндіктер мен тәуекелдер, сондай-ақ қор нарығындағы институционалдық инвесторлардың криптоиндустриядағы рөлін талқылау бөлек тақырып болды.

Үшінші жыл сайынғы Blockchain Startups Weekend 3.0 форумының ерекшелігі NFT туындыларының аукционы және 12 команда өз әзірлемелерімен қатысқан «Стартап шайқасы» болды. Шақырылған венчурлық инвесторлар барлық салада одан әрі дамыту және орналастыру үшін әлеуетті жобаларды қолдау мүмкіндігіне ие болды.

«Өз дамуында керемет секіріс жасаған елдердің мысалдары бар және әдетте бұл бүкіл халық бір идеяға құмар болған кезде болды. Қазақстан халқы блокчейн, криптовалюта, IT, электронды коммерция сияқты жаңа технологиялар саласында білім алып, әртүрлі салаларда болып жатқан жаһандық өзгерістерден жай ғана хабардар болып қана қоймай, белсенді түрде атсалысып, олардың пайдасын көруіне тілектеспіз. », - деді Crowdsale Network стартаптар мен инвесторларға арналған платформаның негізін салушы Ерлан Думанұлы.