Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Алматыда екінші күні Орталық Азиядағы ең ірі IT форумдардың бірі – Digital Almaty 2023 өтуде. Тек бірінші күні ғана іс-шара 30-дан астам елден 20 мыңнан астам қатысушылар мен қонақтарды жинай алды. Форумның басты күн тәртібі инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлерінің тақырыбы болып таңдалды. Талқылауға бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар, it-қоғамдастықтар, мемлекеттік органдар мен БАҚ қатысады. Аталған форум аясында Kazakhstan Blockchain Day өткізетін Қазақстандық блокчейн технологиялар қауымдастығы да шетте қалмады.
Іс-шараның салтанатты ашылуында Алматы әкімі Ерболат Досаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сөз сөйледі. Министр өзінің құттықтау сөзінде " Қазақстандық IT-нарық - бұл 10 мыңнан астам компания және салада жұмыс істейтін 150 мың адам. IT индустриясында жұмыс істейтін бір адам байланысты салаларда үш жұмыс орнын құрады" деп жариялады. Ал әкім өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің 96% - ы цифрлық форматта көрсетілетінін және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келе жатқанын атап өтті.
Қазақстандық блокчейн технологиялар қауымдастығының атынан "Қазақстандағы цифрлық майнинг индустриясы" панельдік сессиясы барысында Сапар Ахметов спикер болып сөз сөйледі, өз сөзінде ол саланы дамыту Мемлекет басшысының қолдауы аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті: "Қасым-Жомарт Кемелұлы криптоиндустрияны дамытуды белсенді қолдайды сондай-ақ цифрлық активтерге және Қазақстанның өңірлік активтердiң крипто хабына айналуына назар аударады ".
Сонымен қатар, ҚАБТ Басқарма төрағасы өткен жылдың қорытындысын шығарды, оның айтуынша, бұл тек криптовалюта мен майнинг өнеркәсібі үшін ғана емес, қор нарығы үшін де қиын болып шықты: «Күрделі өзгерістер жаһандық экономикада орын алды – инфляцияның өсуі, бүкіл әлемдегі орталық банктердің ақша-несие саясатын қатайтуы, сондай-ақ Украинадағы соғыс тәуекелді активтері бар нарықтарға кері әсерін тигізді. Сонымен бірге крипто индустриясында ірі венчурлық қорлар, биржалар мен монеталар жарылып, банкротқа ұшырады. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстанда өнеркәсіпті ілгерілету және дамыту белсенді түрде жүріп жатыр».
Сондай-ақ, сөз сөйлеу барысында Сапар Ахметов Қауымдастық биыл іске қосуды жоспарлап отырған криптовалюта сауаттылығы курстарын жариялады: "курстарды біздің мамандар әрбір тілек білдіруші үшін жүргізеді, олар аптасына 2 рет, бір ай ішінде өтеді және әрбір адам өткеннен кейін оның алдында криптовалюталар деген қиын және ыңғайсыз деген мифті жояды".